Жаңалықтар
Ел дамуына жаңа серпін береді
Қазақстан соңғы жылдары шетелдік инвестиция тарту саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, халықаралық аренада өз позициясын нығайтуда.
2024 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 12,7 млрд АҚШ долларын құрады, ал жаңа жобаларға 15,7 млрд доллар тартылып, 88%-ға өсті.
Шетелдік инвесторлар 1,3 млрд АҚШ доллары көлемінде 45 жобаны іске асырып, 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.
Ал, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 901 млрд теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіп көлемі 104,5%-ға артты. Бұл жұмыс жалғаса бермек. Әсіресе индустриялық аймақтардың қарқынды дамуы бұған әсер ететіні сөзсіз.
Досжан Әлібеков, Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы