Жаңалықтар

Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Токаев и Алиев
Фото: Ақорда

Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.

Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
Фото: Ақорда

Бұл желі Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін.

Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
Фото: Ақорда

Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, ТОБЖ елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мен Әзербайжан президенттері өзара тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенін растаған болатын.

https://kaz.inform.kz/news/tokaev-pen-aliev-transkaspiy-talshikti-optikalik-baylanis-zhelsn-ske-kosu-rasmne-afbf3805

Басқа материалдар

Back to top button