Жаңалықтар

Тоқаев пен Қатар Әмірі екіжақты серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

БАКУ. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Токаев и Эмир Катара обсудили инвестиционные и энергетические проекты
Фото: Ақорда

Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ-Қатар сан қырлы серіктестігін нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Осыған дейін Тоқаев пен Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысқанын жазған едік.

Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі. Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

https://kaz.inform.kz/news/tokaev-pen-katar-amr-ekzhakti-serktestkt-nigaytu-maselesn-talkiladi-bd8e176c

Басқа материалдар

Back to top button