Жаңалықтар

Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр.

 

Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Саммит Әзербайжан Астанасы Баку қаласында өтіп жатыр.

Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр
Фото: Ақорда

Еске салайық, кеше, 2026 жылғы 14 қазанда Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған едік. Қасым-Жомарт Тоқаевты Баку әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды.

Ал бүгін, 2026 жылғы 15 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

https://kaz.inform.kz/news/tokaev-aziyadagi-ozara-s-kimil-zhonndeg-kenestn-7-sammitne-katisip-zhatir-eb0b7a73

Басқа материалдар

Back to top button