«Жайлы мектеп» жобасы – білім саласындағы жаңа бастама
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңғырту және балалардың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі болып табылады. Сол себепті, «Жайлы мектеп» жобасы ауданымызда үлкен үмітпен қабылданып отыр. Бұл жоба еліміздің білім беру инфрақұрылымын жақсарту бағытында қолға алынған маңызды бастамалардың бірі.
Аталмыш жоба бойынша жаңа мектеп ғимараттары салынуда, олар заманауи талаптарға сәйкес жабдықталып, оқушыларға жайлы, қауіпсіз орта ұсынып, білім алуға қажетті барлық жағдайды қамтамасыз етеді. Жаңа мектептерде баланың физикалық және психологиялық дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір мектептің инновациялық жабдықтармен, мультимедиялық құралдармен қамтылуы білім сапасының жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.
Бұл жоба – тек мектептің құрылысын жақсарту ғана емес, білім беру сапасын арттыруға, мұғалімдер мен оқушыларға қолайлы әрі тиімді жұмыс істеу ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жайлы мектептер тек балаларға емес, мұғалімдерге де еңбек етуге жақсы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
И. Тайманов атындағы Қобда гимназиясының мұғалімі Казиева Зинаида