Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі (Ақтөбе облысы)
1.
Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды қалай алуға болады?
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҮЕҰ мемлекеттік гранттарды алу үшін конкурсқа қатысуы қажет. Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ белгіленген мерзімде өтінім беріп, қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_
2.
Мұқтаж адамдарға көмектесетін қоғамдық ұйым ашқым келеді. Бірақ өз қаражатым жетпейді. Қоғамдық ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа қалай қатысуға болады?
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жергілікті атқарушы органдар және Ақтөбе қаласы, аудан әкімдіктері қаржыландырады. Құзырлы мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алулар порталында ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобаларды орындау бойынша сатып алу жөнінде конкурс жариялайды. Конкурсқа әділет органында тіркелген қоғамдық ұйым қатысуға құқылы. Сонымен қатар, қоғамдық ұйым міндетті түрде ҮЕҰ-дың республикалық дерекқор тізімінде болуы қажет.