Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА — ҚОҒАМ СҰРАНЫСЫНАН ТУЫНДАЙДЫ

Қазір халық қарауына ұсынылған жаңа Конституция жобасы қоғамның ең қызу талқыланып жатырған мәселесі деуге болады. Конституция жұмысы ашық форматта әлі де жалғасып жатыр. Бұл ел азаматтарының Ата Заң жобасының мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді. Осы күні қоғам өкілдері мен сарапшылар жолдаған барлық ұсыныстар жіті талдануда. Біздің ауданымызда да қоғамдық бірлестік өкілдері мен сарапшылардан құралған ақпараттық топ бірқатар ұйымдар мен кәсіпорындарға барып, Ата заңымыздың жаңа жобасының мәтінінің жай-жапсарын түсіндіріп, аудан тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап жатыр. Сондай кездесулер өткен аптада «Қобда орман шаруашылығы» мекемесі, «Қазақтелеком», «Қазпошта» «Қобда суы», Қобда көпсалалы колледжі, ұжымдарында өтті. Ақпараттық топ мүшелері аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Кереймағамбетов, мәслихат төрағасы Жанболат Ерғалиев, «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Светлана Ашенова Конституцияның жаңа жобасының жекелеген баптары мен тармақтарының мән-мазмұны төңірегінде әңгімеледі. Конституция жобасында адами капиталды, ғылым мен инновацияларды дамыту, алғаш рет мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде анықталып отырғанын, жаңа конституциялық модель елдің болашағына бағыт-бағдар, беретін дамудың зияткерлік болатынын атап айтты. Конституциялық реформа қоғамның сұранысы мен мемлекет дамуының жаңа бағдарын ескере отырып, жүзеге асатын жаңғыру жолы екені айтылды.

Басқа материалдар

Back to top button