Жаңалықтар

Қазақстан Орталық Азиядағы көшіп баруға ең қолайлы ел деп танылды

Global Relocation Index рейтингінде Қазақстан 192 елдің ішінде 77-орынға тұрақтады. Халықаралық көрсеткіштегі бағалау кезінде сарапшылар өмір сүру құны, қауіпсіздік деңгейі, денсаулық сақтау сапасы және салық тиімділігін есепке алған. Аталған тақырып Құрылтай сайлауына арналған жалпыұлттық онлайн-марафонда көтерілді.

Сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстанды қауіп деңгейі ең төмен мемлекеттер тізіміне қосқан. Бұл зерттеуде 4 деңгей қарастырылса, Қазақстан Канада, Жапония, Португалия сияқты елдермен қатар бірінші деңгейде тұр.

Айта кетейік, соңғы 7 жылда елімізде ЖОО-лардағы грант саны 1,5 есеге ұлғайды. Ғылым саласын қаржыландыру да 6 есеге артқан. Бұдан бөлек, ғалымдардың жалақысы 2 есе өсіп, бүгінге дейін оларға 720 пәтер берілген.

Басқа материалдар

Back to top button