Жаңалықтар
Қазақстан цифрлық дербестігін күшейтіп келеді

Бұл туралы ҚҚДИ сарапшысы Әлия Қанатова айтты. Оның сөзінше, Қазақстан цифрландырудан жасанды интеллектке негізделген жаңа экономикаға өту кезеңінде. Елде Орталық Азиядағы алғашқы цифрлық шаһардың құрылысы басталып, Екібастұзда үлкен деректерді өңдеу орталығын құру жұмыстары қолға алынған.
Сарапшының айтуынша, мұндай жобалар цифрлық дербестікті нығайтып қана қоймай, елге инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және IT саласындағы адами капиталды дамытуға мүмкіндік береді.