Жаңалықтар
Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереевтің азаматтарды жеке қабылдауы өтті


Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан әкімі заңнама талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер беріп, кейбір сұрақтар бойынша жедел шешу жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеу үшін жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны атап өтілді.