Жаңалықтар

Президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысып отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Дәстүрлі жиынға 2 мыңнан астам адам, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, инвесторлар, ардагерлер, сондай-ақ аграрлық сала мамандықтарында оқып жатқан студенттер жиналды.

Айта кетелік 14 қараша күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумына қатысатыны туралы жазған едік.

https://kaz.inform.kz/news/prezident-auil-sharuashiligi-enbekkerlernn-eknsh-forumina-katisip-otir-faba3f/

Басқа материалдар

Back to top button