Жаңалықтар
Мемлекет басшысы туризм туралы айтты
Мемлекет басшысының елдегі туризмді дамыту туралы айтқан пікірі өте маңызды. Шынында да, туризм – экономиканың дамуына ықпал ететін, жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік беретін сала. Әрбір өңірде туристік әлеуетті дамыту үшін өздерінің табиғи ерекшеліктері мен мәдени мұралары бар, сондықтан туризмді әр өңірде жеке-дара дамытуға арналған нақты стратегия қажет. Бұл Қазақстанның туристік тартымдылығын арттырып қана қоймай, шетелдік инвестицияларды тартуға да көмектеседі. Туризмнің дамуы арқылы ішкі нарықтағы сұраныс артып, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстар нығайып, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға да үлкен мүмкіндік туып отыр.
Майра Едгенова