Жаңалықтар

«Тек сот шешімімен ғана» – Қазақстанда тұрғын үй құқығына кепілдікті конституциялық деңгейде күшейту ұсынылды


Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй құқығы мен балалардың мүддесін қорғау бөлігінде конституциялық кепілдіктерді күшейтуге бағытталған бастама көтерді.

«Бүгін таңертең Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтарды негізсіз тұрғын үйден шығарудан және баспанасынан айырылудан қорғау кепілдіктерін күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды. Тұрғын үйге құқық – бұл әлеуметтік кепілдік қана емес, әсіресе балалар туралы сөз болғанда, адамның қауіпсіздігінің негізгі шарты», – деді спикер.

Өз сөзінде Динара Зәкиева халықаралық стандарттарға сәйкес, балалар өмір сүру, даму және өз құқықтарын қорғау үшін ең қолайлы жағдайларға құқылы екенін жеткізді.

«БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясында әрбір баланың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік және әлеуметтік дамуына жеткілікті өмір сүру деңгейіне құқығы бекітілген. Бұл – қауіпсіз әрі тұрақты баспананың болуын көздейді. Бала үшін тұрғын үй – оның әл-ауқаты мен мүдделерін қорғаудың негізгі факторларының бірі», – деді ол.

Сонымен қатар тұрғын үй қатынастары саласында азаматтардың құқықтары бұзылу қаупі ерекше айқын көрініп отырғаны да айтылды. Спикердің мәлімдеуінше, құқық қолдану тәжірибесі бұған дәлел екен. Өйткені азаматтардың құқықтарын шектеуге байланысты әлеуметтік тәуекелдер дәл осы тұрғын үй қатынастарының үйден шығару мәселелері туындаған кезде айқын байқалады.

Динара Зәкиева өз қызметі барысында түрлі қайғылы тұрмыстық ахуалдар салдарынан балалардың жалғыз баспанасынан айырылу қаупіне тап болатын жағдайларға бірнеше рет кезіккенін айтты.

«Балалардың өзінің жалғыз асыраушысы – анасынан айырылатын жағдайды мысалға келтірейін. Анасы көзі тірісінде баспанаға алынған ипотекалық несиенің едәуір бөлігін өтеген болатын. Соған қарамастан, бұрын төленіп қойған қаражат қайтарылмайтын жағдайда балалардың жалғыз баспанасынан айырылу қаупі туындады. Біздің өтінішіміздің нәтижесінде банк қалған қарызды кешіру туралы шешім қабылдады. Алайда, мұндай оқиғалар өкінішке қарай, сирек емес», – деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Осыған байланысты адам өміріндегі маңызды және баланың ең қажетті мүдделерін сот тарапынан ескерусіз қалдырып, тұрғын үйден айыратын жағдайларға жол бермейтін кепілдіктерді бекіту қажет.

Бұл тұрғыда ол нақты конституциялық норма ұсынылып отырғанын атап өтті.

«Осыған орай, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау жөніндегі мемлекеттің міндетімен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясында тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға жол берілмейтіні туралы норманы бекітуді ұсынамыз», – деді спикер.

Сөз соңында ол ұсынылып отырған норма әлеуметтік мемлекеттің құндылық бағдарларын айқындайтынына назар аударды.

«Тұрғын үйден сот шешімінсіз шығаруға жол берілмейтіні туралы норманың Конституцияда көрініс табуы – әлеуметтік мемлекеттің кемелдігін және адамның қадір-қасиетіне деген құрметті көрсетеді», – деп түйіндеді Динара Зәкиева.

«Не иначе как по решению суда» – в Казахстана хотят на конституционном уровне усилить гарантии защиты права на жилище

На очередном заседании Комиссии по Конституционной реформе Уполномоченный по правам ребенка в Республике Казахстан Динара Закиева выступила с инициативами по усилению конституционных гарантий защиты права на жилище, особенно в части защиты интересов детей.

«Сегодня утром на расширенном заседании Правительства Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев особо акцентировал внимание на необходимости усиления гарантий защиты граждан от необоснованного выселения и утраты жилья. Право на жилище – это не только социальная гарантия, но и базовое условие безопасности человека, особенно когда речь идет о детях», – отметила она.

В своем выступлении Закиева обратила внимание на международные стандарты защиты прав ребенка и их прямую связь с обеспечением стабильного и безопасного жилья.

«В соответствии с международными стандартами дети имеют право на наилучшие условия для жизни, развития и защиты своих прав. Конвенция ООН о правах ребенка закрепляет право каждого ребенка на уровень жизни, достаточный для его физического, умственного, духовного, нравственного и социального развития, что предполагает наличие безопасного и стабильного жилища. Для ребенка жилище является одним из ключевых факторов благополучия и защиты его интересов», – подчеркнула она.

Одновременно было отмечено, что именно в сфере жилищных отношений наиболее остро проявляются социальные риски нарушения прав граждан.

Динара Закиева отмечает, что в своей деятельности они неоднократно сталкивались с ситуациями, когда вследствие трагических жизненных обстоятельств дети оказываются под угрозой выселения из единственного жилья.

«Так, в одном из случаев дети потеряли мать – единственного родителя. При жизни ею была погашена значительная часть ипотечного кредита за жилое помещение. Возник риск утраты детьми единственного жилья при том, что уже выплаченные суммы не подлежали возврату. По итогам нашего обращения банк принял решение списать оставшуюся задолженность. Однако подобные ситуации, к сожалению, не являются единичными», – рассказала Уполномоченный по правам ребенка.

В этой связи, по ее словам, необходимо закрепить гарантии, исключающие случаи, при которых человек остается без жилища без учета судом его жизненных обстоятельств и наилучших интересов ребенка.

Она подчеркнула, что предлагается конкретная конституционная норма.

«В этой связи предлагаем наряду с обязанностью государства создавать условия для обеспечения граждан жильем закрепить в Конституции Республики Казахстан норму о недопустимости выселения из жилища иначе как по решению суда», – отметила она.

В завершение выступления было отмечено, что предлагаемая норма отражает ценностные ориентиры социального государства.
«Отражение в Конституции положения о недопустимости выселения из жилища иначе как по решению суда является показателем зрелости социального государства и уважения к человеческому достоинству», – резюмировала Динара Закиева

Басқа материалдар

Back to top button