Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу туралы

2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында сатып алынатынтауарлардың, жұмыстардың жәнекөрсетілетін қызметтердің сапасынарттыруға, сатып алу рәсімдерін оңайлатуға, сондай-ақ саланы одан әрі цифрландыруға бағытталған «Мемлекеттіксатыпалу туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді.
Негізгі жаңалықтардың бірі мемлекеттіксатып алудың және «Квазимемлекеттіксектордың жекелеген субъектілерінің сатыпалуы туралы» Заңға сәйкес жүзегеасырылатын сатып алудың электрондыққызметтеріне бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – Бірыңғай сатып алу платформасынқұру болды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталымен, сондай-ақ квазимемлекеттіксектор субъектілері мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алаңдарымен(goszakup.gov.kz, mitwork.kz, zakup.sk.kz)интеграцияланған Бірыңғайсатып алу платформасы іске қосылды.
Реттелетін сатып алулар бойыншамәліметтерді талдау және шоғырландырумақсатында, 2025 жылы мемлекеттік білімберу тапсырысы мен білім алушылардың тамақтануын сатып алу(goszakup.gov.kz)қызметтерінің рәсімдерін, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу порталын (fms.ecc.kz), медициналық ұйымдарға арналған сатып алу веб-порталын (med.ecc.kz), табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу алаңдарын (eurasiantech-tender.kz, caspytender.kz, zakup-besk.kz, etbemp.kz, ets-tender.kz, sic.kz, mp.kz, e-port.kz) интеграциялау бойынша жұмыстар аяқталды.
Осымен, 2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай сатып алу платформасында 46 793 пайдаланушы тіркелді.
Ағымдағы жылы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу алаңымен (tizilim.gov.kz) интеграциялауды қоса алғанда, Бірыңғай сатып алу платформасының функционалдығын кеңейтужөніндегі іс-шаралар жоспарлануда.
Бұл шаралар «бір» терезе қағидаты бойынша барлық реттелетін сатып алуларғабірыңғай қолжетімділікті ұсыну арқылы пайдаланушылардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.
Жалпы алғанда, Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу Қазақстанныңсатып алу жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болып табылады. Жаңа модель рәсімдердің ашықтығын арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және сатып алу процесінің барлық қатысушылары үшін заманауи, ашық және тиімді ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.