Жаңалықтар

Қобда аудандық мәслихатының төрағасы Ерғалиев Жанболат «Ақрап» БПҰ мүшелерімен кездесу өткізді

Кездесуге «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұргүл Ибраева да қатысты.

Кездесу  барысында Жанболат Ерғалиев атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Сондай-ақ партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру және халықпен кері байланысты күшейту мәселелері көтерілді.

Нұргүл Ибраева «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат беріп, бастауыш партия ұйымдарының партиялық саясатты жүзеге асырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Кездесу барысында БПҰ мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелер талқыланды.

Басқа материалдар

Back to top button