Жолдау жетістіктерге жетелейді
Президентіміздің халыққа жыл сайынғы Жолдаулары қай кезде де маңызды саяси оқиғалардың қатарынан табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы болашақтағы еліміздің саяси – экономикалық дамуының басты бағыттарын айқындап отыр. Оның айтуынша еліміздің экономикасында цифрландыруды енгізумен байланысты түбейлі оң өзгерістер жасалуы тиіс.
Ондағы басты міндет ел өміндегі цифрландыру деңгейін мейлінше кеңейту. Жолдауда елге инвестиция тарту жайына да басымдық берілген.
Одан өзге экономикалық өсім, әлеуметтік әділет, жастарды қолдау, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ экологияны сақтау мәселелеріне де ерекше назар аударды.
Соның ішінде тың бастамалардың бірі — «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы. Бұл жоба елімізді экологиялық тұрғыдан жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және жас ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Президент бұл бастаманың халықпен бірлесе жүзеге асырылатынын, яғни әрбір азаматтың үлесі маңызды екенін атап өтті. Бұл бізді — қарапайым тұрғындарды да ел болашағына жауапкершілікпен қарауға, табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға үндейді.
Жанболат Нұрпейісов. ауылшаруашылық құрылым басшысы, Қобда аудандық мәслихатының депутаты