Жаңалықтар

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Алдағы референдумға бес мемлекеттен 21 шетелдік байқаушы қаты­суға ниет білдірді. Атап айтсақ, Әзербайжан, Палестина, Қырғыз Рес­публикасы, Тәжікстан мен Тайланд корольдігінен келе­ді. Сондай-ақ ТМД байқаушылары миссиясынан, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінен, Түркі академия­сынан байқау­шылар болады. Бұл туралы Орталық референдум комис­сиясы­ның екінші отырысында айтылды.

Зейін ЕРҒАЛИ

Еліміздегі жалпыхалықтық сая­си науқанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар еркін әрі кедергісіз дауыс береді. Мәселен, көру және есту қабілеті бұзылған жандарға Брайль қарпіндегі трафареттер, аудиобюл­летеньдер мен сурдоаудар­ма­л­ы ақпа­раттық материалдар ұсы­нылады.

«Барлық сайлауда мүгедектігі бар адамдарға ерекше мүмкіндік жасауды назардан шығармаймыз. Қазіргі таңда трафареттерді дайын­дау және басып шығару жұмыс­тары жүргізіліп жатыр. Олар бар­лық референдум учаскесіне жет­кізіледі. Сондай-ақ әр учаскеде бюл­летеньдерді толтыру туралы арнайы аудио нұсқаулық қарас­ты­рыл­ған», деді Орталық референдум комис­сиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Жиында Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік учаскелер бірінші қабатта орналасатынын айтты. Сондай-ақ олар мүмкіндігі шек­теулі азаматтар үшін пандустар, кіре­берістегі шақыру батырмалары, автокөліктерге арналған арнайы тұрақ орындары, тактильді жолақтар мен арнайы бейімделген каби­налармен жабдықталады. Яғни сайлау учаскелері үлкейткіш, құлақ­­қап, тірек-қимыл аппараты бұ­зыл­ған аза­маттардың қолжетім­ді­лігі еске­­ріл­ген дауыс беру бұрыш­та­рымен қамтамасыз етіледі.

«Барлық дауыс беру учаскесінде Конституция жобасының мәтінін аудио сүйемелдеумен орналастыру мүгедектігі бар адамдар үшін қол­жетімділікті қамтамасыз етуге бағыт­талған жаңа тәсіл саналады. Оған қоса барлық деңгейдегі референдум комиссияларының мүшелеріне мүгедектігі бар азамат­­­­тардың сайлау құқықтарын қам­та­масыз ету мәселелері бойынша бей­не­курс ұйымдастырылған. Бүгінде 85 пайызы курстан өтті. Ақпан айының аяғына қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізіледі», деді Л.Сүйіндік.

Отырыста 17 облыс пен 3 рес­пуб­ликалық мәні бар қалалар­да­ғы ахуал да тыңдалды. Мәселен, Ақмола облысында дауыс беретін 2 752 мүгедектігі бар азамат анық­тал­ған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға облыс орталы­ғын­да 5 арнайы көлік, аудандар мен ауылдық округтерде 11 көлік бөлінген.

«737 учаске тексерілді. 642 учас­ке пандустармен жабдықталған, 561 учаскеде бағыттаушы және тактильді көрсеткіштер орнатылған, барлық учаскеде кресло-арбамен қозғалатын азаматтарға қолжетімді арнайы кабиналар қарастырылған, 700 учаскеде мүгедектігі бар адам­дарға арналған арнайы бұрыш­тар жабдықталған. Сондай-ақ 85 учас­кеде 16 сурдоаудармашы қызмет көрсетеді. Дауыс беру күні әлеумет­тік қызметкерлерді тарту мәселесі де толық пысықталған», деді Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Ержан Жұмабеков.

Жалпы референдум республика аумағындағы 10 411 учаскеде өткізі­­ле­ді. Оның ішінде еліміздің шет мем­­ле­кеттеріндегі өкілдіктері жанында құ­рылған 62 учаске бар. Дауыс беру уақыты сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жүреді.

«Денсаулық жағдайына немесе өзге де дәлелді себептерге байланыс­ты учас­­кеге келе алмайтын азаматтар 15 наурыз күні сағат 12.00-ге дейін жазбаша өтініш бере алады. Бұл жағдайда учаскелік комиссия кемінде екі мүшесін және тасы­мал­­да­­натын жәшікті жіберу арқылы азаматтың тұрған жерінде дауыс беруді ұйым­дастырады. Дауыс беру құ­­пиясы толық сақталуға тиіс», деді Орталық референдум комис­­­­сиясының мүшесі Азамат Айманакумов.

Айта кетейік, тұрақты тіркелген жерінен алынып тасталған немесе еш жерде тіркеуде болмаған азамат­тар­дың сайлау құқықтарын іске асыру мақсатында азаматтарға да­уыс беру күні учаске орналасқан үй-жайда уақытша тіркелу мүмкіндігі беріледі.

Басқа материалдар

Back to top button