Жаңалықтар
Президент Жарлығы: Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамызда өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Жарлығына сәйкес бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында өтеді.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауына 9,3 млн адам қатысты, бұл референдумдағыдан 224 мыңға көп.
Құрылтай депутаттарына куәліктер партиялар мандаттарды кандидаттар арасында бөліп, тиісті мәліметтерді Орталық сайлау комиссиясына ұсынғаннан кейін табысталады.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-zharligi-kuriltaydin-brnsh-sessiyasi-28-tamizda-oted-991b678c