Жаңалықтар

Арман Шаққалиев: Қазақстанда ОТӨ-ден өнім сатып алу екі есе артады, бұл ӘМАТ-тың арзандауына әкеледі

 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және еліміздің экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруда. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын әрі қарай тұрақтандыру үшін берілетін қаржыны екі есе ұлғайтып,  тұрақтандыру қорларының жұмысын күшейту жоспары бар. Аймақтағы комиссиялар негізсіз делдалдарды анықтап, бағаны көтеріп жіберетіндерді алып тастауға ерекше назар аударады. 

Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ай сайын өңірлерге тікелей сиыр етін жеткізу ұйымдастырылуда. Сонымен қатар отандық өндірушілер және сауда желілерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек сауда бағасын бекіту жөнінде өндірушімен меморандум жасалады. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі әрі жоспарлы түрде жалғасады», 

— деді ҚР сауда және интеграция министрі.

📱 @KZgovernment

Басқа материалдар

Back to top button