Жаңалықтар

Спорт салаындағы жаңғырудың бастауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт федерацияларының қызметіне қатысты айтқан сыны – өте орынды және жүйелі өзгерістерді талап ететін мәселе. Бүгінгі күні еліміздегі көптеген федерациялар спортты дамыту емес, өз беделін арттыру алаңына айналып отыр. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаражатқа толықтай тәуелді болу – бұл саладағы бастамашылық пен жаңашылдықтың жоғалуына әкеледі. Нағыз спорт рухы — дербестік пен жауапкершілікте. Егер федерация басшылары мен бизнес өкілдері спортқа инвестиция салуды қоғамдық миссия ретінде қабылдаса, бұқаралық спорттың дамуы қарқын алар еді. Президенттің айтқанындай, ірі кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдар спорт саласында белсенді болуы қажет. Бұл тек кәсіби спортты емес, жастар мен балалар спортының дамуына зор әсер етеді. Өкінішке қарай, кейбір басшылар спортшылардың жетістігін өз абыройы ретінде көрсетеді. Бұл дұрыс емес, себебі кез келген жеңіс – командалық еңбек пен мемлекеттің қолдауының нәтижесі. Федерацияның миссиясы — жүйе құру, спорттық инфрақұрылымды дамыту және таланттарды тәрбиелеу. Ал мемлекеттің рөлі – ынталандыру мен әділ бақылау. Егер осы теңгерім сақталса, Қазақстан спортында сапалы серпіліс болмақ. Президенттің бұл мәлімдемесі — федерацияларға емес, бүкіл спорт экожүйесіне берілген маңызды сигнал.

Н. Кереймағамбетов
Қобда аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button