Жаңалықтар
«Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – еліміз үшін стратегиялық маңызы зор шешім

Бұл бастама арқылы еңбек адамына деген құрмет артып, нақты өндіріс пен қол еңбегіне негізделген кәсіптердің мәртебесі көтеріледі. Жұмысшы мамандықтарын таңдайтын жастарға мүмкіндік пен қолдау көбейіп, колледждер мен кәсіптік білім беру ұйымдары жаңа деңгейге көтерілмек.
Бүгінгі күннің талабы – тек жоғары білім ғана емес, нақты кәсіби біліктілік. Осы тұрғыда жұмысшы мамандықтарын дамытудың әлеуметтік, экономикалық әрі идеологиялық маңызы орасан. Бұл қадам ел дамуының іргетасы болатын еңбек адамын дәріптеуге, кәсіби кадрлар жетіспеушілігін шешуге нақты жол ашады.
Зинаида Казиева география пәнінің мұғалімі