Президенттің 2024 жылғы Жолдауындағы тапсырмаларын орындау: елімізде қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар санының төмендеуі байқалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы ел үшін үлкен бағдар болды. Соңғы жылдары қылмыстар санының 13%-ға төмендеуі – осы саясаттың нақты нәтижесі. Бүгінде күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары тыныштығымызды күзетуде. 15 мыңнан астам патрульдік маршруттар әзірленіп, халық көп жиналатын орындар мен проблемалы аймақтар толық қамтылды. Бұл тек қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік берді. Мысалы, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы сияқты ауыр қылмыстар азайды. Құқық қорғау органдарының үйлесімді еңбегінің арқасында он мыңнан астам қылмыс ашылды, ал 10 миллионға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Мұндай көрсеткіштер халықтың полицияға деген сенімін арттырады. Ақтөбе облысында да дәл осындай жұмыстар жүріп жатыр: полиция қызметі күшейтіліп, алдын алу шаралары жүйелі жүргізілуде. Бұл – заң үстемдігі орнаған әділетті қоғамға бастар жол.
Нұрлыбек Кереймағамбетов
Қобда аудандық қоғамдық кеңес төрағасы