Жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың туындыларын тамашалады

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейіне барды.

🟦Мәртебелі меймандарға Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Музей коллекциясында суретшінің шеберлігі шыңдалған негізгі кезеңдерді айшықтайтын 450-ге жуық туындысы мен графикалық кескіндемесі сақтаулы тұр.

🟦Сонымен қатар мемлекеттер басшылары өзбек бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, ұлты қазақ суретшісі Орал Таңсықбаевтың шығармашылығына арналған ретроспективалық көрмені аралап көрді.

🟦Көрмеге И.В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік өнер музейінен, Орал Таңсықбаевтың музей-үйінен, Өзбекстан мемлекеттік өнер музейінен және Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінен 76 жұмыс қойылған.

🟦Президенттер қылқалам шеберінің ерекше қолтаңбасы мен ұлттық бейнелеу өнеріне үлес қосқан шығармашылық мұрасымен танысты.

🟦Алғаш рет Орал Таңсықбаевтың әр кезеңдегі картиналары бір кеңістікте орналастырылды. Бұл жұмыстардың арасында 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басындағы алғашқы туындылардан бастап жылымық дәуірінің үлкен полотноларына дейін бар.

t.me/aqorda_resmi

Басқа материалдар

Back to top button