Қазақстанға келген этникалық қазақтардың қоғамға бейімделуіне және кірігуіне қолдау көрсету және көмектесу мақсатында біздің ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Соңғы 10 жылда Қобда ауданында 144 адамы бар 150 этникалық қазақ отбасы тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды.
Қазақстанға келген қандастар Ресей Федерациясынан, Өзбекстан, Қытай Халық Республикасынан елдерінен көшкен.
2022-2024 жылдары ауданымызға 2 этникалық қазақ отбасы көшіп келіп, қандас мәртебесін алды. Оның ішінде:
Ресей Федерациясынан — 2 отбасы (4 адам);
Этникалық қазақтардың ішінде еңбекке қабілетті жастағы саны — 3 адам, зейнеткер – 1 адам болды.
Өңірде қандастарды бейімдеу және әлеуметтендіру бойынша жұмыстар жүйелі атқарылуда.
2024 жылы Қазақстанда FSM Social мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, қоныс аударушылар мен қандастарды жергілікті қоғамдастыққа бейімдеу және интеграциялау жөніндегі қызметтер автоматтандырылды.
Бүгінгі күнге 3 адам Мансап орталықтарына жолыққан, олардың арасынан 2 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізге оқуға тартылды, 2 адамға ЭЦП кілт алуға көмек көрсетілді, 1 адамға бос жұмыс орындарынан өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, бос жұмыс орындарына қатысу арқылы лайықты жұмыс іздеу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы этникалық қазақтарды бейімдеу және әлеуметтендіру жұмыстары жалғасын табады.
Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Нұркеев.