Жаңалықтар

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БЕЛСЕНДІ АЛАҢЫ

 

Осы күні азаматтық қоғамның белсенді алаңына айналған Қоғамдық Кеңес халықты толғандырған бірқатар мәселелердің оң шешілуіне арқау болып келеді. Жарсай ауылдық округінің даму тынысы, жүзеге асып жатырған жобалар округ әкімі Нұрлан Дүзбановтың Қоғамдық Кеңес алдында берген есебіне өзек болды. Көшпелі форматта ұйымдастырылған Кеңес отырысында жергілікті халықты алаңдатқан мәселелер де кеңінен талқыланып, шешу жолдары ортаға салынды. Н.Дүзбанов ауылшаруашылығында оның ішінде бақша өсірудегі, төрт түліктің саны бойынша мәліметтерді алға тартты. Ауылдың таза- лығы, қайырымдылық шаралары жайлы ақпараттар- мен бөлісті. Тұрғындар тарапынан жолаушылар тасымалы, мемлекет тарапынан үй салу жайында ұсыныстар түсіп, назарға алынды.

Талғат Бағыбергенұлы.

Басқа материалдар

Back to top button