Жаңалықтар

Конституция – ел тұрақтылығының негізі

Конституция — әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын негізгі заң болып табылады. Ал Ата Заңды құрметтеу, азаматтық жауапкершілікті сезіну еліміздің тұрақты дамуына негіз болады.
Менің ойымша, Конституцияның мәні — оның мәтінінде ғана емес, күнделікті өмірде көрінуінде. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз міндеті мен жауапкершілігін сезінгенде ғана қоғамда сенім мен әділет орнығады.
Жаңа Конституция — өткенді саралап, бүгінгі талаптарды ескеріп, болашаққа бағдар жасауға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Конституцияға құрмет — елге құрмет. Заңға адалдық — болашаққа жауапкершілік. Ал тұрақты елдің ең үлкен байлығы — білімді, саналы және өз болашағына сенетін ұрпақ.

Шаңғытбаев Нұржан, «Атамекен» студенттер жасағы жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button