Ақтөбе облысы тұрғындарының басым бөлігі МӘМС жүйесінде сақтандырылған
Өңірдің 842 мыңнан астам тұрғыны МӘМС жүйесіндесақтандырылған мәртебеге ие. Бұл оларға жоспарлы жәнемамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндікбереді.
Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік медициналықсақтандыру Қоры филиалының директоры НұрболТымпиевтың айтуынша, 2026 жылдың қыркүйек айынаөңірдегі халық саны 958 мыңнан астам адамды құрайды. Осылайша, тұрғындардың басым көпшілігі медициналықсақтандыру жүйесіне қатысады және қамту деңгейі өсуде.
2026 жылдың қыркүйек айында облыста 116 мыңға жуықсақтандырылмаған азамат бар.
Осы жылдың басында медициналық қызметтер қорынжеткізушілер желісі 83 медициналық ұйымды құрайды: оның 38 – і – мемлекеттік, 43 — і-жеке және 2-і-квазимемлекеттік сектор. Облыстық филиал басшысыныңайтуынша, жеке сектор үлесінің асып кету фактісібәсекелестік ортаның дамуын және халықтың медициналықкөмекке қолжетімділігінің кеңеюін көрсетеді.
Жеткізушілер арасында:
20-дан астам ұйым стационарлық көмек көрсетеді;
4 медициналық ұйымдар жоғары технологиялықмедициналық көмек көрсетеді;
40 тан астам мекеме стационарды алмастыратын көмекформатында жұмыс істейді;
39 ұйым амбулаториялық-емханалық көмек көрсетеді;
4 мекеме әлеуметтік маңызы бар медициналық көмекті(онкология, туберкулез, АИТВ, психикалық денсаулық) қамтамасыз етеді;
30-дан астам стоматологиялық клиника;
1 ұйым жедел медициналық көмек көрсетеді.
Көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын бақылаужәне мониторингі барысында 2026 жылдың 7 айындамониторинг барысында 124 838 ақау анықталды.
Медициналық қызметтердің сапасы туралы сенімдіақпаратты пациенттер Қордың байланыс арналары: 1414 колл-орталығы, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы және Е-otinish платформасы арқылы өтініштерді қалдыра отырыпұсынады.
2026 жылдың 8 айында филиалға 1 374 өтініш келіп түсті, оның 335 шағымдар (кейіннен бір бөлігі қайтарып алынды).
Әрбір өтініш тиісті шараларды қабылдай отырып, белгіленген тәртіппен қаралады.
Нұрбол Тымпиев атап өткендей, 2026 жылы филиал жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, есептеулердің ашықтығын арттыру және өңірдің әрбіртұрғыны уақтылы және сапалы медициналық қызметтергеқол жеткізуі үшін медициналық көмектің сапасынбақылауды күшейту жөніндегі жұмыстар жалғастырлады.