Ақтөбе облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайып келеді
Ақтөбе облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар санының төмендеуі байқалуда. Бұл халықтың материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың оң нәтиже беріп жатқанын көрсетеді.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, 2024 жылы Ақтөбе облысында АӘК 16 011 адам немесе 3 055 отбасы алды. Жалпы төлем сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.
Басқарма басшысы Ләззат Оразбаева атап өткендей, АӘК-тің басты мақсаты – аз қамтылған отбасыларды кедейліктен шығару үшін еңбекке ынталандыру және жұмысқа жарамды азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту.
«Атаулы әлеуметтік көмек – халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асырудың бір тетігі. АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен болған жағдайда беріледі. Еңбекке жарамды АӘК алушыларды белсенді жұмыспен қамту шараларына тартамыз. Мысалы, 2024 жылы 248 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 121 адам уақытша жұмыс орындарына орналасу мүмкіндігін пайдаланды, ал 15 адам кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін грант алды», – деді Ләззат Оразбаева.
Осы шаралардың нәтижесінде облыста АӘК алушылар саны азайып келеді. 2023 жылмен салыстырғанда, көмек алатын отбасылар саны 1 284 отбасыға немесе 6,5 мыңнан астам адамға азайды.
Айта кетейік, ағымдағы жылы мұқтаж отбасыларға көмек көрсету процесін одан әрі жақсарту мақсатында учаскелік комиссиялардың жұмысын цифрландыру жоспарланған. Атап айтқанда, FSM Social мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл қосымша отбасылардың мәліметтері мен қажеттіліктерін тіркеуге, сондай-ақ процестің барлық қатысушылары арасында ақпарат алмасуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Заманауи технологиялар бұл процесті неғұрлым ашық әрі тиімді ете түсіп, мұқтаж адамдардың санын одан әрі азайтуға және халықтың жалпы өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.
«Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ
Количество получателей адресной социальной помощи снижается в Актюбинской области
В Актюбинской области наблюдается тенденция к снижению числа получателей адресной социальной помощи (АСП). Это свидетельствует о том, что проводимые меры по улучшению материального состояния населения приносят результаты.
По данным управления координации занятости и социальных программ, в 2024 году в Актюбинской области АСП получали 16 011 человек или 3 055 семей. Общая сумма выплат превысила 1,5 млрд тенге.
Руководитель управления Лаззат Уразбаева отметила, что главной целью АСП является вывод малообеспеченных семей из состояния бедности путем мотивации к труду и вовлечения трудоспособных граждан в меры содействия занятости.
«Адресная социальная помощь – одна из форм реализации поручения Главы государства по повышению благосостояния населения. Как известно, АСП предоставляется семьям со среднедушевым доходом ниже черты бедности. Трудоспособных получателей АСП вовлекаем в активные мероприятия по содействию занятости. К примеру, в 2024 году 248 человек получили постоянные рабочие места, 121 человек воспользовался мерами временной занятости, а 15 человек получили гранты для развития предпринимательской инициативы», — говорит Лаззат Уразбаева.
В результате этих и других мероприятий количество получателей АСП по области снижается. Так, по сравнению с 2023 годом, число семей, получающих помощь, уменьшилось на 1 284 семьи или более 6,5 тыс. человек.
Отметим, в текущем году для дальнейшего улучшения процесса помощи нуждающимся будет осуществлена оцифровка деятельности участковых комиссий, которые выносят заключения о нуждаемости семей в АСП. В частности, разработано мобильное приложение FSM Social, которое поможет зафиксировать данные о семье и ее нуждах, а также упростит обмен информацией между всеми участниками процесса.
Современные технологии позволят сделать процесс более прозрачным и эффективным, что, в свою очередь, будет способствовать дальнейшему снижению числа нуждающихся и повышению общего уровня жизни населения.
КГУ «Региональная служба коммуникаций Актюбинской области»