Жаңалықтар

Халықтың саяси процеске қатысуының жаңа кезеңі

Парламенттік реформаны талқылауға азаматтардың тікелей қатысуы — бұл демократиялық қоғамға тән маңызды бетбұрыс. Президенттің бастамасымен e-Otinish және eGov платформалары арқылы ұсыныстар жинау – билік пен халық арасындағы кері байланыстың нақты көрінісі. Бұған дейін мұндай бастамалар көбіне қоғамдық кеңестер мен сарапшылар деңгейінде шектеліп келген. Ал енді әр азамат өз көзқарасын онлайн түрде білдіре алады. Бұл саяси мәдениетті дамытуға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға әсер етеді. Мұндай ашықтық халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін күшейтеді. Сонымен қатар ұсыныстардың көптүрлілігі парламенттік реформа жобасын жан-жақты етуге мүмкіндік береді. Бұл — «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты іске асуы. Мұндай тәсіл азаматтық қоғам мен биліктің серіктестігін нығайтады. Ең бастысы, реформа нәтижесі елдің шынайы мүддесін ескерген модельге айналмақ.

Алитурлиев Сандыбай Амиржанович
Аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі

Басқа материалдар

Back to top button