Жаңалықтар

Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереевтің жеке қабылдауы өтті.

Screenshot
Screenshot
Screenshot
Screenshot

Қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жер үй алу, тұрғын үй кезегі, сондай-ақ жұмыспен қамту, тұрақты жұмысқа орналасу және газ мәселелері кеңінен талқыланды.

Аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, олардың заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. Жеке мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, жауапты мекемелерге орындау мерзімдері белгіленді.

Сонымен қатар, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, газбен қамту және жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Әрбір өтініш назарға алынып, бақылауға қойылды.

Басқа материалдар

Back to top button