Жаңалықтар

Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекет басшылары Ақордаға келді

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылар Ақордаға келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушылар бірге суретке түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Грузия президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізгенін хабарлаған едік.

https://kaz.inform.kz/news/halikaralik-araldi-kutkaru-kori-kuriltayshi-memleketter-basshilari-akordaga-keld-f14195/

Басқа материалдар

Back to top button