ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды
Жаңа Конституция еңбек жағдайлары мен жұмыс беруші тарапынан қарым-қатынас тұрғысынан қызметкерлердің позициясын нығайтып, мемлекеттің жұмыс орындарының сапасын арттыруға бағытталған саясатының негізін қалыптастырады. ERG құрамына кіретін елдегі ірі компаниялардың бірі – «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Egemen Qazaqstan

Бүгінде «Қазхром» кәсіпорындарында 19 мыңнан астам адам жемісті еңбек етіп жүр. ERG металлургтері Жаңа Конституция жобасын елімізді дамыту мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау тұрғысынан алғанда ерекше маңызды құжат деп таниды. Онда еңбекқорлық құндылығы, еңбек жағдайлары, қауіпсіздік пен гигиена талаптарын сақтау сынды басым бағыттар көрініс тапқан.
Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті
«Еңбек адамы» басын қатерге тігуге міндетті емес. Ол қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді және жеке қорғаныш құралдарымен қамтуды талап етуге құқылы. Яғни, Жаңа Конституцияда «адам, оның өмірі мен еркіндігі – мемлекеттің ең басты құндылығы» деп айқын көрсетілген.

«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
Жұмыскерлер референдумда әр азаматтың пікірі мен таңдауы ерекше маңызды екенін атап өтті. Сондықтан олар баршаны алдағы референдумға қатысып, елдің ертеңгі болашағына қатысты өз пікірін айқын білдіруге шақырды. Ортақ болашақ өз қолымызда.
«Жаңа Конституция билік институттары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, азаматтардың құқықтарын бұрынғыдан да мығым бекітіп, елдің дамуына заманауи негіз қалыптастырады. Ірі өнеркәсіп компаниясы мен ERG-дің мыңдаған еңбек ұжымының басшысы ретінде мен бұл өзгерістердің маңызын айқын түсінемін. Мұнда ұзақ мерзімді орнықтылық, инвестициялық тартымдылық пен адамдардың ертеңгі күнге деген сенімділігі сөз болып отыр. Конституция тұрақтылықты қамтамасыз етіп, бизнеске болжамды ережелерді бекітеді. Референдумға қатысу – бұл тек формальді іс емес, елдің ертеңгі болашағына тікелей әсер ететін саналы шешім. Барша азаматтарды референдумға қатысып, дауыс беруге шақырамын», деді ERG Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.
Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды