АуданСпорт

Мұз айдыны ашылды

Қыстың сәні айдында сырғанақ тебу болса, аудан орталығында оған да жағдай жасалған.

Жаңа жылдың тағы бір жаңалығы жаңадан мұз айдыны ашылды. Мұз айдыны құрылысы жақында аяқталған жаңа стадионның ішінде. Мұнда аудан тұрғындары мен қонақтары қыс бойы келіп, сырғанақ тебе алады. Жаңадан ашылған мұз айдыны 25 балаға арналған. Ұзындығы 40, ені 20 метрді құрайтын нысан балалардың сырғанақ теуіп, бір мезгіл дене шынықтырумен айналысуына тамаша мүмкіндік беріп отыр. Жобаны жеке кәсіпкер  Шамиль Кубашев жүзеге асырған. Ол сырғанақ тебуге арналған конькидің 50 парын әкеліп қойыпты. Балалар мен үлкендерге арналған конькидің барлық мөлшері бар. Мұз айдынына келушілер  өз конькиімен 600 теңге төлеп, сол жерден жалға алатын болса 1000 теңге төлеп, бір сағат алаңсыз сырғанақ тебе алады.

Айдын тегіс, тұтастай мұз, қаладағыдан еш кемдігі жоқ. Айта кетейік, аталған мұз айдыны қазір орталыққа айнала бастаған жерде, аудан орталығында Сәкен Сейфуллин 55 көшесі  бойында орналасқан.

Әуесқойлар үшін дүйсенбі –жексенбі күндері күндізгі сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін үзіліссіз, ал кәсіпқойлар үшін сейсенбі,бейсенбі  күндері кешкі сағат 19:00-ден 21:00 аралығында жұмыс істейді.

Осы орайда, барша аудан тұрғындарын балалардың уақытын қызықты өткізуіне көңіл бөліп, балаларды мұз айдынына сырғанауға әкелуге шақырамыз.

Басқа материалдар

Back to top button