АуданДенсаулық

СКРИНИНГТЕР БАРЛЫҚ АЗАМАТТАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ


2026 жылдан бастап Қазақстанда тегін профилактикалық скрининг бағдарламасы кеңейтілді
. Онкоскринигтер мен әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау МӘМС мәртебесінің болуына қарамастан барлық азаматтарға тегін қол жетімді болды. Қобда аудандық ауруханасының дәрігері ************* сұхбатында скрининг туралы маңызды сұрақтарға жауап берді

– Скрининг дегеніміз не және оның маңызы қандай?

– Скрининг – ауруларды алғашқы белгілері байқалмай тұрып анықтауға арналған профилактикалық тексеру. Ерте анықталған ауруды емдеу жеңіл әрі тиімді болады, сондықтан әр азамат өз жасына сәйкес скринингтен уақытылы өтуі қажет.

– Скринингтен кімдер өте алады?

Тексерулерді тіркелген жері бойынша емханадан өтуге болады.

Жатыр мойнының негізгі Тегін скринингі: 30-дан 74 жасқа дейінгі әйелдер (4 жылда бір рет).

Сүт безінің қатерлі ісігі: 40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер (2 жылда бір рет).

Колоректальды қатерлі ісік (тоқ ішек және тік ішек): 50-ден 76 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (2 жылда бір рет).

Жүрек-қан тамырлары аурулары және қант диабеті: артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы және қант диабетін анықтауға 40-76 жас аралығындағы адамдар (2 жылда бір рет).

Инсультті ерте анықтау: 50 жастан асқан ер адамдар.

Өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау: белгілі бір жас кезеңдеріндегі тәуекел топтары үшін (темекі шегушілер мен зиянды өндіріс қызметкерлері).

– Егер скрининг нәтижесінде өзгеріс анықталса не болады?

– Қосымша тексерулер тағайындалып, қажетті жағдайда бейінді маманға жолдама беріледі. Диагноз расталса, әрі қарай емдеу және динамикалық бақылау МӘМС аясында ұйымдастырылады.

– Халыққа айтар кеңесіңіз?

– Денсаулық – ең үлкен байлық. Ешқандай шағым болмаса да, өз жасыңызға сәйкес скринингтік тексерулерден уақытылы өтіп тұрыңыз. Ерте анықталған аурудың алдын алу мен емдеу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.

Қобда аудандық ауруханасы басшысы

Р.У. Досаев

 

Басқа материалдар

Back to top button