Жаңалықтар

Президент Жолдауы – құқық қорғау саласындағы міндеттерді айқындайтын маңызды құжат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – құқық қорғау органдары үшін де үлкен жауапкершілік жүктейді.

Қобда аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ретінде айтарым, Жолдауда қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Президент құқық қорғау органдарының қызметін жаңғырту, ашықтық пен халықпен тиімді кері байланыс орнату, профилактикалық жұмысты күшейту керектігін атап өтті. Бұл – біздің жұмысымызға деген жоғары сенім мен жауапкершілік.

Қобда аудандық полиция бөлімі осы тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, қоғам тыныштығын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, әсіресе жастар арасындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.

Сонымен қатар Жолдаудағы цифрлық реформалар бізге жаңа технологиялар арқылы халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Абдиров Самат Сағынайұлы — аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары

Басқа материалдар

Back to top button