Жаңалықтар
Ұлт сапасы – ел тағдыры
8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат.
Президентіміз Жолдауда ел экономикасын әртараптандыру, білім мен ғылымды дамыту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын қолдау, кәсіби спорт пен бұқаралық спортты қатар дамыту сынды нақты бастамалар көтерді.
Әсіресе, «Жауапты мемлекет – ықпалды азамат» қағидаты арқылы халық пен билік арасындағы сенімді арттыру жолы нақтыланды.
Аудандық мәслихат депутаттары ретінде біз бұл Жолдауды толық қолдаймыз және әр саладағы тапсырмаларды жүзеге асыруға жергілікті деңгейде атсалысуға дайынбыз.
Еліміздің ертеңі үшін бірлесе еңбек етейік!
Аудандық мәслихат төрағасы — Ерғалиев Жанболат Қанатбайұлы