Жаңалықтар

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ТЕРІСАҚҚАНДА ӨТТІ

Қазіргі күні мемлекет пен халық арасында алтын көпірге айналған Қоғамдық Кеңес мәселелерді жергілікті жерде анықтау мақсатында көпшпелі отырыстар өткізуде.

«Халық үніне құлақ асатын Үкімет» қағидатына сай Қоғамдық Кеңестер орта- лықтан шалғай елдімекендерді алаңдататын толғаулы түйіндердің оңтайлы шешілуіне де ықпалы зор. Қоғамдық Кеңес мүшелері ауылдық округтерде көшпелі отырыстар өткізіп, жергілікті тұрғындармен жүзбе-жүз кездесіп жатыр. Өткен аптада Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы Терісаққан ауылында болып, өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Кеңес төрағасы Абат Темірбаев күн тәртібіне сай ауылдық округтің әкімі Асылбек Клютовқа сөз берді.

Қазір инфрақұрылымдық тұрғыдан да, инвестиция

бойынша да шын мәнінде ауданның маңдайалды ауылына айналған Терісаққандағы даму көрсеткіштері бойынша Асылбек Клютов кеңінен баяндады. Ол төрт түлікте өсім барын, жүзеге асқан жобалар бойынша мәлімдеді. Ауылда ауылдың санитарлық тазалығы, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының жүзеге асып жатқандығы белгілі болды. Тұрғындар Қоғамдық Кеңес мүшелеріне ауылға қатысты сауалдарын қойып, назарға алынды.

Талғат Бағыбергенұлы.

Басқа материалдар

Back to top button