Қобда ауданы бойынша Қазақстан республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы АҚПАРАТ

Аудан бойынша Құрылтай депутаттарының сайлауына 29 сайлау комиссиялары қызмет атқарады,оның 1 аумақтық сайлау комиссиясы, 28 учаскелік сайлау комиссиялары, 159 комиссия мүшелері жұмыс жасайды. Сайлау учаскесінің 4—і Қобда ауылдық округінде болса, қалғаны басқа ауылдық округтерде орналасқан.
Ауданда сайлау учаскесінің 12 мектепте, 11 ауылдық клубтар мен мәдениет үйінде, 1 колледж базасында, 1- облыстық патриоттық тәрбие беру орталығында, 1 — Жастар үйінде, 2 медицина мекемесі ғимаратында орналасқан.
Бүгінге таңға аудандағы сайлаушылар саны10113.
Сайлаушыларды ақпараттандыру мақсатында аудандық «Қобда» газетінде, аудандық әкімдіктің сайтындағы интернет бетінде сайлау туралы ақпараттар уақытылы жарияланып тұрады және 31 ақпараттық баннерлер ауылдық елді мекендергеорналастырылды.
Комиссиялар мүшелерінің сайлауға тыңғылықты дайындығы — сайлау науқанын өз дәрежесінде өткізудің кепілі. Осы орайда сайлау мәселелері бойынша сайлау комиссия мүшелерін оқыту— семинар жоспарға сәйкес үйымдастырылады.
Жергілікті атқарушы органдар сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етеді.
Учаскелерде сайлаушылар бұрыштары, кандидаттар туралы материалдар орналастыратын стендтер, мүгедектігі бар жандарға арналған бұрыштар жасақталады.
Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруға барлық жағдайды жасау — аса маңызды мәселе. Аудан бойынша осы санаттағы 60 азамат бар (29 — тірек-қозғалыс аппараты ауруына шалдыққан азамат, 19 – көзі көрмейтін және нашар көретін азамат, 12 – құлағы естімейтін, нашар еститін азамат).
Бүгінгі күні мүгедектігі бар азаматтарға арналған автотұрақ белгісі және автотұрақ,шақыру кнопкалары барлық сайлау учаскесінде бар. Қобда ауылында екі инватакси қызмет атқарады.
Сайлау науқаны барысында байланыстыңмаңызы ерекше. 28 сайлау учаскесі тұрақты телефон байланысымен қамтылған.
Қазақстан республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына байланысты учаскелік сайлау комиссияларының жұмыстары 2026 жылдың 3 тамыз айынан басталады.