Қоғам
Басты тақырып

Криминогендік ахуал қалыпты

Қылмыстың деңгейі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, әкімшілік құқықбұзушылық жалпы криминогендік ахуал өткен жұмада аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев қатысқан мәжіліске арқау болған тақырыптар еді. Қобда аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы қатысқан жиында полиция бөлімінің бастығы Арман Өтешев жалпы ахуалды баяндай келе өз орынбасарларына сөз берді. Полиция бөлімі бастығының орынбасарлары 2023 жылы тіркелген қылмыстар мен құқықбұзулар, олардың ашылу көрсеткіштері, жолкөлік оқиғалары бойынша жан-жақты мәлімдеді.Осы күнгі қылмыстың жаңа түрі-интернет алаяқтықтың алдын-алу жайында кеңінен сөз етті.Мәжілісті сабақтаған аудан басшысы полиция қызметінің ел тұрақтылығындағы аса маңыздылығын алға тартып, бірқатар міндеттер белгіледі. Жауапты да абыройлы жұмыстарына сәттілік тіледі.

                                                                                                                                           

                                                                                                                                   Өз тілшімізден

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button