Жаңалықтар

Қобда ауданында тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары партиялық бақылауда.


«AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы «Ауыл» партиясының аудандық өкілімен бірлесіп, аудан орталығында орналасқан Алтынсарин көшесі, 2/5, 2/6, 2/7 мекенжайларындағы тұрғын үйлерде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына арнайы тексеріс жүргізді.

Қазіргі таңда пәтерлердегі жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес қарқынды түрде жалғасуда. Комиссия мүшелері қалпына келтіру жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, барлық жұмыстардың талапқа сай орындалып жатқанына көз жеткізді.

Атап айтқанда, пәтерлердің ішкі қабырғалары толықтай жаңартылып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар майлау және сырлау жұмыстары да жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл шаралар тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарын «Дамак Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Серіктестік басшысы Жұмағалиев Ақылбек Жауғаштыұлы барлық жұмыстар келісімшартта көрсетілген мерзімде толық аяқталатынын мәлімдеді.

Партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта да жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button