Жаңалықтар
Қобда аудандық «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» және т.б. жобалардың жергілікті жердегі нәтижелері, мемлекеттік органдарға жолданған депутаттық сауалдардың сапасы мен олардың орындалу деңгейі, тұрғындардан түскен өткен кезеңдегі талап-тілектердің орындалуы және жаңа өтініштерді жинақтау тетіктері, мәслихат депутаттарының халық алдындағы есептік кездесулер кестесін бекіту және өткізу форматын түсіндіру.
Аталған сұрақтар бойынша жергілікті атқарушы органның өкілдері баяндама жасап, аудан бойынша атқарылған жұмыстар жайында есеп берді. Депутаттар бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар білдірді.