Жаңалықтар
И.Құрманов атындағы ауылдық округіне қарасты Егіндібұлақ және Бегалыда әкім есебі өтті
21-қараша, бейсенбі күні аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев И.Құрманов атындағы ауылдық округіне қарасты Егіндібұлақ және Бегалы ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауданның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары бойынша есебін беріп, тұрғындардың өзекті сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, 2025 жылға арналған жоспарлармен бөлісіп, ауылдық округ әкімі Қайырбек Әмірғалиевке бірқатар нақты тапсырмаларды жүктеді. Жиын өзекті мәселелерді шешуге бағытталып, тиімді шараларды жүзеге асыруға арналған конструктивті диалог форматында өтті.