Жаңалықтар

Коалиция мүшелері білім ордасында кездесу өткізді

2 наурыз күні «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Бегалы негізгі мектебінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының маңызы мен мазмұны туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиында жаңа Конституция жобасы жай ғана құжат емес, елдің алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды құжат екені айтылды. Сонымен қатар құжатта халық үшін маңызы зор бірқатар жаңа баптардың енгізілгені атап өтілді.

Кездесу барысында Неке және отбасы институтының конституциялық деңгейде қолдау табатыны, бұл өз кезегінде қоғамдық тұрақтылықты нығайтып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға қосымша кепілдіктер беретіндігі түсіндірілді.

Сондай-ақ Қазақстан географиясы мен ұлы дала халқының мыңдаған жылдық тарихына қатысты баптардың мәдени мұра мен тарихи ескерткіштерді қорғаудағы маңызы туралы да айтылды. Бұл өзгерістер ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеуге бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар 15 наурыз күні өтетін референдумға келіп, азаматтық борыштарын орындауға шақырылды.

Басқа материалдар

Back to top button