Жаңалықтар
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты коалиция мүшелері аудан жастарымен кездесті




Кездесу барысында Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуына ықпалы, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы рөлі және азаматтардың саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңыздылығы кеңінен сөз болды.
Коалиция өкілдері Ата Заңға енгізілетін жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту екенін атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар ел болашағына бейжай қарамай, маңызды өзгерістерге белсенді үн қосу – әрбір саналы жастың азаматтық парызы екенін жеткізді.