Жаңалықтар

Еңбек адамының мүддесі – басты назарда

Жаңа Конституция еңбек адамының рөлін күшейтіп, қызметкерлер құқықтарының неғұрлым нақты кепілдіктерін бекітеді және экономиканың дамуына берік негіз қалыптастырады. ERG құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қызметкерлері осындай пайымда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Egemen Qazaqstan

Бүгінде ERG-дің алюминий дивизионында шамамен сегіз мыңға жуық қызметкер еңбек етіп жүр. Металлургтер Жаңа Конституция жобасында өндіріс саласы үшін қолданбалы маңызы бар қағидаттар көрініс тапқанын атап өтті. Атап айтқанда, еңбек ету құқығы, қауіпсіз еңбек жағдайы және әлеуметтік қорғау мәселелері қамтылған.

Еуразиялықтардың пікірінше, еңбек адамы экономиканың қосалқы бөлігі ретінде емес, мемлекеттің орнықты дамуының негізі деп қарастырылады. Мұндай нормалардың конституциялық деңгейде бекітілуі қызметкерлердің ертеңгі күнге деген сенімін арттырып, олардың кәсіби үлесінің маңызын айқындай түседі.

Кәсіпорын қызметкерлері елдің ұзақ мерзімді даму бағытының тұрақтылығы мен айқындығы өнеркәсіп үшін шешуші мәнге ие екенін атап өтті. Дәл осындай ортада кәсіпорындар дамып, жаңғырып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Металлургтер алдағы референдумға азаматтардың қатысуының маңызын да ерекше атап өтті. Олар әр адамның пікірі маңызды екеніне екпін түсірді. Өйткені, ел дамуының негізгі қағидаттары осыған тікелей байланысты болып тұр.

«Жаңа Конституция еңбек адамының мүддесі, қауіпсіздік, өндірісті дамыту мен экономикалық тұрақтылық өзара тығыз байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастыратын заманауи әрі орнықты модельді қалыптастырады. Бұл – өмір сапасына, инвестиция тартуға және елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер ететін берік негіз», деді «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауытының директоры Айтуған Ахметов.
Металлургтер қазақстандықтарды референдумға қатысып, өз ұстанымдарын білдіруге шақырды.

Біз бүгін қабылдайтын шешімдер, ертеңгі болашағымызды қалыптасады.

Басқа материалдар

Back to top button