Жаңалықтар

Maqsut Narikbayev University Студенттік Ассамблеясы жаңа Конституцияны қолдайды

13 ақпанда Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері мен оқу орны базасында құрылған Студенттер Ассамблеясы мүшелерінің кездесуі өтті.
Кездесуге қатысушылардың алдында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев ​сөз сөйледі. Ол Конституция халықтың түпкілікті мүдделерінің көрінісі екенін, ал жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың қоғамның барлық мүшелері үшін, әсіресе, жастар үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, спикер «Ассамблея жастары» ұйымы Конституция жобасын кеңінен қолдайтынына назар аударды, себебі Конституция табысты мемлекеттің іргетасы, онда адамның өмірі негізгі құндылық болғандықтан, Қазақстан жастары үшін бұл үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.
Кездесуге қатысушылардың алдында елордалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов сөз сөйледі. Ол мәдениет, ғылым және білім құндылықтарының маңыздылығына тоқталды, бұл қағидаттардың басымдығы адами капиталды дамытудың жаңа кезеңі екенін, сондай-ақ жас таланттарды қолдаудың маңызды шаралары туралы айтып берді.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдіріп, құжаттың қазіргі және болашақ ұрпақтың сенімді дамуына негіз болатынын түсіну жастар үшін маңызды екенін атап өтті. Басқа университеттерде де осындай кездесулер өткізудің өзектілігі және жастар қауымдастығына жаңа Конституцияның негізгі ережелерін одан әрі түсіндірудің маңызы атап өтілді.
Іс-шараға Астана қаласының жоғары оқу орындарының студенттік ассамблеяларының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жастары және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Студенческая Ассамблея Maqsut Narikbayev University поддержала новую Конституцию

​13 февраля в стенах Maqsut Narikbayev University состоялась встреча членов Общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана» с членами Студенческой Ассамблеи, созданной на базе учебного заведения.
​К участникам встречи обратился председатель РОО «Ассамблея жастары» Тимур Джумурбаев. Он отметил, что Конституция является отражением коренных интересов народа, а процесс проводимых глобальных реформ является историческим для всего общества, в особенности для молодежи.
​Он также отметил, что организация «Ассамблея жастары» выступила с широкой поддержкой проекта Конституции, так как он является фундаментом успешного состоявшегося государства, а его человекоцентричный характер открывает большие возможности для молодежи Казахстана.
​Также перед участником выступил председатель столичного узбекского этнокультурного объединения Шерзод Пулатов. Он остановился на ценностях культуры, науки и образования. По его словам, приоритетность этих принципов говорит о новом этапе развития человеческого капитала, а также о значительных мерах поддержки молодых талантов.
​В ходе мероприятия участники выразили поддержку новой Конституции и отметили, что для молодежи важным является осознание, что документ станет основой уверенного развития настоящего и будущих поколений. Была отмечена актуальность проведения подобных встреч в других университетах и дальнейшего разъяснения основных положений новой Конституции молодежному сообществу.
​В мероприятии приняли участие представители студенческих ассамблей вузов города Астана, молодежь этнокультурных объединений и представители экспертного сообщества.

Басқа материалдар

Back to top button