Жаңалықтар

Бүгін Қобда аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутатық фракциясының отырысы өтті


Отырыс барысында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, қарастырды.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын талқылау мәселесі қаралды. Қатысушылар құжат бойынша пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Қобда ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының 2025 жылға арналған орындалу барысы туралы есеп тыңдалды. Депутаттар атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2026 жылға арналған басым міндеттерді айқындады.
Отырыста «Жер аманаты» жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының ұйымдастырылуы да талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру шаралары қарастырылды.
Сонымен қатар, Қобда аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған қызметін ұйымдастыру және алдағы міндеттері белгіленді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.

Басқа материалдар

Back to top button