Жаңалықтар

Қобда ауданында тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары партиялық бақылауда

«AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы аудан орталығында орналасқан Алтынсарин көшесі, 2/5, 2/6, 2/7 мекенжайларындағы тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына арнайы тексеріс жүргізді.

Тексеру барысында бүгінде 9 пәтердің жөндеу жұмыстары толық аяқталғаны белгілі болды. Қалған пәтерлерде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес қарқынды түрде жалғасуда. Комиссия мүшелері пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, жұмыстардың талапқа сай жүргізіліп жатқанына көз жеткізді.

Атап айтқанда, пәтерлердің ішкі қабырғалары толықтай алмастырылып, қажетті жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар майлау және сырлау жұмыстары да жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан мердігер ұйым — «Дамак Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік басшысы Жұмағалиев Ақылбек Жауғаштыұлы барлық жөндеу жұмыстары келісімшартта белгіленген мерзім аяқталғанға дейін толық аяқталатынын мәлімдеді.
Партиялық бақылау комиссиясы алдағы уақытта да жөндеу жұмыстарының сапасы мен уақытында аяқталуын тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button