Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті







2026 жылғы 11 ақпанда Астана қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шара елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге жастардың белсенді қатысуына мүдделі жастар бірлестіктері мен сараптамалық қауымдастық өкілдерін біріктірді.
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Тимур Джумурбаев жаңа Конституция жобасы халық мүдделерінің шынайы көрінісі екенін, жастарды шешім қабылдау үдерістеріне тартуға мүмкіндік ашатынын, сондай-ақ жастар ұйымдарының жалпыұлттық диалогты қалыптастыру мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы рөлін күшейтетінін атап өтті.
Отырысқа қатысушылар жаңа Конституция жобасын бірауыздан қолдап, оның негізгі ережелерін қоғамдық талқылауға, түсіндіруге және бірлік, келісім мен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын ілгерілетуге жастар ұйымдарының одан әрі белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Студенттік қауымдастықтың ұстанымын Студенттік Ассамблеялар төрағасы Александр Урмашов баяндап, жастар ортасында конституциялық бастамаларды талқылау саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және ел болашағы үшін жауапкершілікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Ассамблея жастары» РҚБ БҚО өкілдігінің төрағасы Элгун Джаналиев өз сөзінде өңірлік жастар құрылымдарының жастар арасында құқықтық диалог мәдениетін қалыптастырудағы маңызды рөліне назар аударды.
«Ассамблея жастары» РҚБ Павлодар облысындағы өкілдігінің төрағасы Рамиль Смаилов жаңа Конституция жобасы жастар үшін ғылым мен білім құндылықтарын орнықтырудың, сондай-ақ адами капиталды дамытудың жаңа мүмкіндіктер қалыптастыратын негізгі платформа ретіндегі маңызын атап өтті.
Астана қаласы бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің төрағасы Лариса Пак негізгі қоғамдық-саяси реформаларды талқылау барысында жастардың әртүрлі топтарының пікірін ескеруге мүмкіндік беретін ашық пікірталастар мен инклюзивті өзара іс-қимыл форматтарының маңызын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған «Ассамблея жастары» РҚБ-ның үндеуі қабылданды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің үндеуі
Біз, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, еліміздің болашағы үшін тарихи жауапкершілікті терең сезіне отырып, жаңа Негізгі Заң жобасын бірауыздан және толық қолдаймыз.
Қазақстан жастары үшін жаңа Конституцияны қабылдау ерекше маңызды, әрі шешуші мәнге ие. Бұл – тек бүгінгі күнге ғана емес, ең алдымен келешек ұрпаққа арналған маңызды құжат.
Бізге, жастар үшін, бұл – өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтудің, қоғамдық өмірге белсенді қатысудың және ел дамуына жауапкершілікпен атсалысудың берік негізі.
Конституция жобасы – адамды басты құндылық ретінде айқындайтын, кемелденген, орнықты мемлекеттің мәлімдемесі. Жаңа Негізгі Заңның өзегінде адамға бағытталған қағидат алынған.
Мемлекет «Заң мен Тәртіп» қағидатына мызғымас адалдығын растайды, ал Әділетті Қазақстан идеясы бүкіл конституциялық құрылымның идеологиялық негізі ретінде қаланады.
Стратегиялық басымдықтар ретінде адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамытуды айқындау ұсынылады. Бұл тұжырымның астарында маңызды бағыт бар – елдің басты ресурсы ретінде білімнің рөлін күшейту. Бұл Қазақстанның қандай даму жолын таңдағанын және қоғам өмірінің негізіне қандай құндылықтар қаланатынын айқын көрсететін нақты белгі.
Біз үшін Конституция жобасында жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясының мемлекет негізін құрайтын басты қағидаттардың бірі ретінде көрініс табуы ерекше маңызды. Дәл осы жасампаз патриотизм, еңбекқорлық пен мақсатқа ұмтылушылық қазіргі жастар үшін табысқа бастайтын негізгі бағдар болуы тиіс.
Осыған байланысты біз елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды бірауыздан қолдайтынымызды нық сеніммен мәлімдейміз және Қазақстан жастарын жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамыз.
Астане состоялось заседание РОО «Ассамблея жастары» в поддержку проекта новой Конституции
11 февраля 2026 года в Доме дружбы города Астаны состоялось заседание РОО «Ассамблея жастары» в поддержку проекта новой Конституции Республики Казахстан. Мероприятие объединило представителей молодёжных объединений и экспертного сообщества, заинтересованных в активном участии молодёжи в общественно-политических преобразованиях страны.
Председатель РОО «Ассамблея жастары», член Комиссии по конституционной реформе Тимур Джумурбаев отметил, что проект новой Конституции является истинным отражением интересов народа, открывает возможности для вовлечения молодёжи в процессы принятия решений, а также усиливает роль молодёжных организаций в формировании общенационального диалога и укреплении единства народа Казахстана.
Участники заседания выразили единогласную поддержку проекту новой Конституции и отметили необходимость дальнейшего активного участия молодёжных организаций в его общественном обсуждении, разъяснении ключевых положений и продвижении ценностей единства, согласия и гражданской ответственности.
О позиции студенческого сообщества высказался председатель Студенческих Ассамблей Александр Урмашов, отметив, что обсуждение конституционных инициатив в молодёжной среде способствует формированию осознанной гражданской позиции и ответственности за будущее страны.
Председатель представительства РОО «Ассамблея жастары» ЗКО Элгун Джаналиев в своём выступлении акцентировал внимание на значимой роли региональных молодёжных структур в формировании культуры правового диалога среди молодёжи.
Председатель представительства РОО «Ассамблея жастары» Павлодарской области Рамиль Смаилов отметил важность закрепления в проекте новой Конституции ценностей науки и образования, а также развития человеческого капитала как ключевой платформы для формирования новых возможностей для молодежи.
Председатель представительства РОО «Ассамблея жастары» по городу Астане Лариса Пак подчеркнула важность открытых дискуссий и инклюзивных форматов взаимодействия, позволяющих учитывать мнение различных молодёжных групп при обсуждении ключевых общественно-политических реформ.
По итогам заседания было принято обращение РОО «Ассамблея жастары» в поддержку проекта новой Конституции.
Обращение Республиканского общественного объединения «Ассамблея жастары» в поддержку проекта новой Конституции Республики Казахстан
Мы, члены Республиканского общественного объединения «Ассамблея жастары», осознавая историческую ответственность за будущее нашей страны, единогласно и полностью поддерживаем проект нового Основного Закона.
Для казахстанской молодежи принятие новой Конституции имеет особое, принципиальное значение. Это документ, адресованный не только сегодняшнему дню, но прежде всего – будущим поколениям.
Для нас, молодежи, это – основа для расширения возможностей самореализации, участия в общественной жизни и ответственности за развитие страны.
Проект Конституции — это заявление зрелого, состоявшегося государства, которое ставит в центр внимания человека. Именно человекоцентричность становится ключевой логикой нового Основного закона.
Государство подтверждает неукоснительную приверженность принципу «Закон и Порядок», а идея Справедливого Казахстана закладывается как идейная основа всей конституционной архитектуры.
В качестве стратегических приоритетов предлагается определить развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций. За этой формулировкой стоит принципиальный сдвиг – в пользу знаний как главного ресурса страны. Это чёткий сигнал о том, какой путь развития выбирает Казахстан и какие ценности становятся фундаментом общественной жизни.
Принципиально важным для нас является отражение в проекте Конституции идеи ответственного и созидательного патриотизма, закреплённого в числе основополагающих принципов государства. Именно созидательный патриотизм, трудолюбие и целеустремлённость должны стать главными ориентирами успеха для современной молодежи.
На основании этого мы с уверенностью заявляем единогласную поддержку проводимым в стране реформам и призываем молодежь Казахстана поддержать проект новой Конституции.