Жаңалықтар

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық жаңғыртулардың мазмұнын кеңінен түсіндіру, олардың саяси-құқықтық маңызын талқылау және қоғам өміріндегі рөлін айқындау мақсатында университетте ақпараттық кездесу өтті.

Кездесуге профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен қызметкерлер қатысты. Жиын барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары, адам құқықтарын қорғау тетіктерінің жетілдірілуі және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

Баяндамашылар реформалардың елдегі саяси жүйені жаңғыртуға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар қоғамдық диалогты дамыту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және ашықтық қағидаттарын орнықтыру мәселелері де талқыланды.

Пікір алмасу барысында қатысушылар реформаларды сапалы іске асыруда академиялық қауымдастықтың сараптамалық қолдауы мен ғылыми зерттеулердің маңыздылығына тоқталды. Ақпараттық кездесу қатысушылардың конституциялық өзгерістер жөніндегі құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

Басқа материалдар

Back to top button